2024 жылғы 4 маусым күні Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынан бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірді.
Мекемеде жұмыс жасап жатқан 200 астам адам толығымен кәсіподаққа мүше етіп қабылдауға өз өтініштерін беріп, жалпы жиналыстың қаулысымен кәсіподақ ұйымы құрылды.

Жалпы жиналыста кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Калдыгозова Акнур Еркинбеккызы сайланды.
«YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Алтеев Бауыржан Ілімшаұлының, Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ң басшысы Байболов Багдат Сырлыбайұлының арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.
