Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с праздником Курбан Айт

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Осынау айтулы күндерде әрбір адам игі істер жасауға, жақындарына қамқорлық көрсетуге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Айт мейрамы берекелі істерге, таусылмас ырыс-дәулетке, қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігін одан әрі нығайта түсуге бастасын.
Қасиетті мейрамда отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін. Барлық ізгі амалдарыңыз бен игі ниеттеріңіз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин