Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем государственного служащего

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі зор.
Дамыған мемлекет – тиімді, нәтижелі мемлекеттік қызметтің негізінде құрылады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.
Осындай айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, табыстарыңыз мол, өмірлеріңіз берекелі болсын деп тілеймін!
Ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз алдағы уақытта да жемісті бола берсін!
Құрметпен, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин