Құрметті мұнай-газ кешені қызметкерлері!
Кәсіподақтар федерациясының және өзімнің атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің жұмысыңыздың еліміздің экономикасы үшін аса зор маңызы бар. Күн сайын толық жауапкершілікпен сіздер “қара алтынды” өндіріп, қайта өңдеп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етесіздер. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, еңбексүйгіштіктеріңіз және адал еңбектеріңіздің арқасында еліміз мұнай және газ нарығында көшбасшы позицияларды берік ұстанып отыр.
Осы мерекелік күні сіздерге мықты денсаулық, отбасында амандық, жаңа табыстар мен кәсіби жетістіктер тілеймін! Сіздердің ауыр да, аса маңызды еңбектеріңіз әрқашан лайықты бағалануын тілеймін.
Мерекелеріңізбен, қымбатты достар!
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С.Дәулеталин