Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днем машиностроителя

Құрметті машина жасау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Машина жасау – еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының басты салаларының бірі әрі өнеркәсібіміздің негізі.
Бүгінде машина жасау саласы ел экономикасының және өндіріс әлеуетінің нығаюындағы үлесі айрықша. Мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы жылдары бұл сала қуатты дамуда, техниканың жаңа түрлері игеріліп, озық үлгілер шығарылуда.
Өндірістік процестер заман талабына сай автоматтандырылып, роботтандырылғанына қарамастан, адам осы тізбектің негізгі буыны болып қала бермек. Күрделі салада қызмет етіп жүрген Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қоғамда айрықша құрметке лайық.
Еліміздің машина жасау өнеркәсібінің бастауында тұрған және алдыңғы буынның ізін жалғап келе жатқан Сіздерге мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз бен өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын.
Ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин