Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем библиотекаря

    Құрметті кітапханашылар!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – «Кітапханашылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – білім мен ғылым ордасы саналатын кітапхана қызметкерлері үшін айтулы күн.
Халықтың өткені мен бүгінін байланыстырушы, тарихи-мәдени мұраны қалыптастырушы, жәдігерлер қоры – кітапхананың қоғам өмірінде рөлі өте маңызды. Сіздер бұл қазынаның, тарихымыздың алтын көзін сақтаушыларысыздар.
Бүгінде елімізде «кітапханашы» мамандығының мәртебесіне баса назар аударылуда. Бұл мәселені шешуде кәсіподақтардың атқарған рөлін де айрықша атап өткен жөн.
Сіздер өздеріңіздің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында оқырмандар арасында білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосып келесіздер.
Бүгінгі мерейлі мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және еліміздің игілігіне бағытталған қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!
Мерейлі мереке құтты болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин