Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем Республики

   Құрметті әріптестер, қадірлі ағайын!
 Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!
 Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп,елдігімізді нығайтатын,
бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды
арттыратын ұлықты мереке.
 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы декларация мемлекеттің қалыптасуында шешуші рөл атқарды.
Әлбетте, тәуелсіздігіміз баянды, тұғырымыз берік болу үшін оның бастауы – Республика күнінің ерекше маңызға ие болуы өте өзекті.
Осы жылдар ішінде Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге қабілетті тиімді экономиканың негізі қаланып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық серпінді дамуына жол ашылды.
 Еліміз бағындырған биік белестер мен асқан асуларында, қол жеткізген жетістіктерінде Сіздердің де адал еңбектеріңізбен айшықталған қолтаңбаларыңыз бар.
Осы жылдар арасында кәсіподақ қозғалысы қарқынды дамып, мүмкіндіктері мен шекараларын кеңейтті.
Кәсіподақтар федерациясы еліміздегі жаңа бастамаларды іске асыруда бірлік пен ынтымақтастық таныта отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды жалғастыратынына сенімдімін.
Бірлік, ынтымақтастық қағидаттарына негізделген кәсіподақтардың даңқты дәстүрлері нығайып, көбейіп, ортақ ісіміз Еңбек адамының игілігі үшін биік жетістіктерге жете берсін.
 Елімізде әрқашан тек оң өзгерістер, бейбітшілік және келісім болсын.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин