Жалпы құқықтық оқыту жалғасуда

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен жұмыскерлер арасында жалпы құқықтық оқыту жалғасуда. Бұл жолы темір жол саласы жұмыскерлері, кәсіпорынның келісу комиссиясы мүшелері еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздерді жүргізу бойынша оқудан өтті.

Семинарда Кәсіподақтар федерациясының дәріскерлер пулы мүшесі Майра Боранбаева еңбек заңнамасының соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, заң нормаларының қолдану тәжірибелері туралы түсіндірме жасады. Жұмыскерлер еңбек демалыстары, әлеуметтік демалыстардың берілу тәртібі, зиянды жұмыс орындары бойынша әлеуметтік төлемге жүгіну жағдайлары және басқа да сұрақтар қойып, оқуға белсенді қатысты.