Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем национальной валюты

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемендігімізді тұғырлы етіп, тәуелсіздігімізді бекемдеуде төл теңгеміздің айналымға енуі еліміздің тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Әрбір қазақстандық үшін бұл күн – өзіміздің ұлттық байлығымызды, қаржылық еркіндігіміз бен елдің болашағына деген сенімділігімізді білдіреді.
Теңге – біздің экономикалық тәуелсіздігіміздің символы, әрі әрбір қазақстандықтың болашағына сенімді қадам басуына негіз боларлық құндылық.
Ұлттық валютаны енгізумен қатар, ел басшылығы бүкіл қаржы жүйесін нығайту бойынша шешуші шаралар қабылдады, онсыз Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мүмкін болмас еді.
Сіздерді ҚР Кәсіподақтары федерациясы атынан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, еңбектеріңізге жеміс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қаржылық қызметте тұрақтылыққа және биік белестерге жетулеріңізге тілектеспін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин