Құрметті әріптестер, достар!
Баршаңызды еліміздің ең ұлы мерекесі — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен тағдырдың, күрестің, қайсарлық пен үміттің символы, ата-бабаларымыздың аңсап өткен арманын іске асырған ұлы күн.
Тәуелсіздік алғаннан бері талабы таудай жас мемлекетіміз ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен жалғастыруда. Азаттықты аялау,оны бағалай білу мен тәуелсіздіктің тұғырын биіктету бүгінгі және өскелең ұрпақтың басты міндеті.
Еліміз бағындырған биік белестер мен асқан асуларында, қол жеткізген жетістіктерінде Сіздердің әрқайсыларыңыздың адал еңбектеріңізбен айшықталған қолтаңбаларыңыз бар.
Сіздер Еңбек адамы ретінде қай салада болсын ел игілігіне қызмет етіп келесіздер. Қоғамдағы барлық игілік адамның қажыр-қайратымен жүзеге асырылады.
Еркіндік пен азаттықтың бастауы болған осынау салтанатты күні
ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге бақытты да бейбіт өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер, игілік мен бақыт, ырыс пен береке тілеймін.
Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын, еліміздің көк байрағы асқақтай берсін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин