«Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС кәсіподақ ұйымында есеп беру конференциясы өтті. Бұл ұйым Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалының құрамына кіреді.
Конференцияның мақсаты — кәсіподақ ұйымының атқарған жұмысына есеп беру және келешектегі жоспарларды талқылау болды. «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ «ЖШС кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанара Байлева 2024 жылы атқарылған қызметі туралы есеп беріп, тексеру комиссиясының актісін таныстырып, кәсіподақтың қаржылық жағдайы мен нәтижелерін баяндады.
Конференцияға қатысушылардың пікірінше, кәсіподақ ұйымының жұмысы қанағаттанарлық деңгейде болды. Олар Жанар Байлеваның кәсіби біліктілігі мен ұйым жұмысына қосқан үлесін қанағаттанарлық деп бағалады.

Өз сөзінде «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, ол Жанар Байлеваның кәсіподақ ұйымының төрайымы өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін жеткізіп, конференцияға қатысушыларға «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ «ЖШС кәсіподақ ұйымының төрайымы етіп Шынар Тохтарбаеваның кандидатурасын ұсынды.
Конференция делегаттары көпшілік дауыспен жаңа төрайым ретінде Шынар Тохтарбаеваны сайлады. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының құрамы жаңартылып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
«Астана» қалалық филиалы жаңа сайланған төрайым Шынар Тохтарбаеваны құттықтап, оған кәсіподақ қызметіндегі жұмысты әрі қарай жақсарту және қатысушылардың мүддесін қорғау жолындағы жаңа бастамалар мен істерде сәттілік тіледі.
