Жалпы өндірістік кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, жұмыс берушілерден олардың еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелерін шешуге, түрлі дау-дамайдың алдын алып, оң шешімін табуына зор ықпалын тигізетін қоғамдық ұйым – бастауыш кәсіподақ ұйымдары екендігі белгілі.
2025 жылдың 27 наурызындағы Атырау қалалық сотының шешімімен «Жалпы білім беретін №4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі» ММ-нен Махамбет Валерийұлы Дунентаевтің пайдасына 789 576 теңге өндірілді. Жауапкер Махамбет Дунентаевке магистр дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы төлеуге міндеттелді.
Осы жылдың 13 наурызында Мақат аудандық сотының ұйғарымымен медиация дауды тәртібімен реттеу келісімі бекітіліп, «Болашақ» бөбекжай балабақшасы» КМҚК Салтанат Тнибековна Амандаулетованың пайдасына біліктілік санатына төленетін қосымша ақыны 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап төлем айырмасын жүргізу және алдағы кезеңдер үшін айлық ақысына біліктілік санатына төленетін қосымша ақыны төлеуге міндеттелді.

Атырау қалалық кәсіподақ ұйымына шағынданған №12 Ф.Досымова атындағы орта мектебінен А.К.Боранбаеваның арызы да өз шешімін тапты. Атырау қалалық сотының биылғы 28 ақпандағы шешімімен №12 Ф.Досымова атындағы орта мектеп директорының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №153, 8 қыркүйектегі №159 және 15 қазандағы №173 бұйрықтары заңсыз деп танылып, күші жойылған, №12 Ф.Досымова атындағы орта мектебінен А.К.Боранбаеваның пайдасына 205 517 теңге еңбек ақысы өндірілген.
Білім беру саласында әділетсіздікке тап болған өзге де азаматтардың арыз-шағымдарының Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі мен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арқылы Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның күн тәртібінің қарауына ұсынылды. Бұлар сот шешімімен қанағаттандырылғандығы туралы өткен жылы жергілікті БАҚ мен әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа жария болған еді.
Атырау облыстық және қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақтары жетекшілерінің табандылықтары мен біліктіліктері, әріптестерінің өтініштеріне бейжай қарамауынан оң шешімін тауып, білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар мен тәрбиешілердің, басқа да қарапайым жұмысшы-қызметкерлердің құқықтары мен мүдделері заң жолымен қорғалған болатын.
Айта кету керек, кәсіподақ бірлестігі өткен жылы келісу комиссияның мүшелері үшін 8 семинар, 11 қоғамдық бақылау өткізді, 79 арыз бен өтініштер қаралып, 211 құқықтық кеңес берді.
