Қымбатты отандастар! Қадірлі азаматтар!
Сіздерді ел рухын асқақтатар, ерлік пен елдік ұғымын ұлықтар — 7 мамыр, Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — елдің тұтастығы мен тыныштығын қорғаған, антына адал, ерлікке берік, жүрегі Отан деп соққан азаматтардың мерейлі мейрамы. Батырлық пен бекзаттық, парыз бен намыс тоғысқан осы күн — Ұлы даланың ұлдарына деген ел ықыласының, ұрпақ алғысының жарқын көрінісі.
Отан қорғау – ұлы жауапкершілік, асыл мұрат. Осы мұратты абыроймен арқалап жүрген барша азаматтардың қайсар рухына, адал қызметіне бас иеміз.
Тарих таразысында еліне қорған болған ерлердің есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Ал бүгінгі бейбіт тіршілігіміз – сол ерліктің жалғасы, елге адал қызметтің айғағы.
Кәсіподақтар федерациясы әрқашан Еңбек адамымен қатар, ел тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың да әлеуметтік әл-ауқаты мен құқықтарын қорғауды басты назарда ұстайды. Сіздердің еңбектеріңіз — ерлікке пара-пар.
Осындай айтулы күнде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин