Поздравление Председателя ФПРК к Дню работников химической промышленности

Құрметті химия өнеркәсібі саласының ардақты қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Химия – адамзат өркениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғылым мен өндірістің маңызды саласы. Бұл салада сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, кәсіби біліктіліктеріңіздің және озық тәжірибелеріңіздің арқасында заманауи өндіріс ошақтары жұмыс істеп, отандық және халықаралық нарықта сұранысқа ие өнімдер шығарылуда.
Химия өнеркәсібі – тек қана шикізат пен дайын өнім өндірумен шектелмейді. Бұл сала – ауыл шаруашылығынан бастап құрылыс, медицина, энергетика, экология және жоғары технологияларға дейін көптеген салаларға тірек болатын ғылым мен өндірісті байланыстыратын көпір іспетті. Сондықтан да сіздердің еңбектеріңіз – мемлекеттің іргесін нығайтуға қосылған зор үлес.
Бүгінгі мереке – сіздердің көп жылдық қажырлы еңбектеріңізге, табандылықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңізге деген алғыс пен құрметтің белгісі. Әрқайсыларыңыз барлық күш – жігерлеріңізді, ұйымдастырушылық қабілеттеріңізді Еңбек адамына қоғамда айрықша құрмет көрсетілуі мен құқығының қорғалуына жұмсап жүрсіздер.
Осы айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, мол табыс пен кәсіби жетістіктер тілеймін!
Еңбектеріңіз жана берсін, ел игілігі үшін атқарып жатқан істеріңіз әрдайым бағалансын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин