Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем столицы

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!
Ардақты елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің еңсесін биіктеткен, елдігіміздің алтын арқауына айналған – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – тәуелсіздігіміздің тұмарына, халқымыздың үміті мен сеніміне айналған қасиетті шаһар. Бұл – ғасырлар бойы қазақ даласында ұлттың болашағы үшін армандаған кемел ойлардың, өрелі мақсаттардың шындыққа айналған мекені.
Бұл күні елорданың және тұтас елдің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан барлық еңбек адамдарына — құрылысшыларға, дәрігерлерге, ұстаздарға, көлік, қызмет көрсету, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің күнделікті адал еңбектеріңіздің арқасында Астана қарқынды дамып, болашаққа нық қадам басуда.
Мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!
Еңбектеріңіз еленіп, әр күндеріңіз жақсылық пен жарқын істерге толы болсын!
Астана күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин