Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днем шахтера

Құрметті кеншілер, сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекеңіз — Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шахтер мамандығы – әрдайым ерлікпен, төзімділікпен және қажымас қайратпен байланысты.Жер қойнауындағы қазынаны ел игілігіне жарату жолында уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Сіздердің маңдай тер, адал еңбектеріңіздің арқасында еліміздің өндіріс салалары тұрақты дамып отыр.
Сіздің еңбегіңіз — қиын әрі қатерлі, бірақ өте қадірлі және маңызды іс. Бұл күн – сіздердің қажырлы еңбектеріңізге, батылдықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңізге деген шынайы алғыс пен құрметтің белгісі.
Әсіресе, шахтада тәуекелмен жұмыс істейтін мамандар үшін еңбек қауіпсіздігі – басты мәселе.Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бұл бағытта бірқатар нақты шаралар қабылдап, шахтерлердің құқығын қорғауға, еңбек жағдайын жақсартуға және әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға ерекше мән беріп келеді.
Әрбір жұмыс күніңіз сәтті әрі тыныш өтсін! Сізді үйде әрқашан отбасыңыз, туған-туыстарыңыз аман-есен қарсы алатын болсын!
Сала ардагерлерінің үлгі-өнегесі мен бүгінгі жастардың еңбекке деген жауапкершілігі шахтерлік кәсіптің мәртебесін биіктете түсетіні сөзсіз. Сіздердің еселі еңбектеріңізге бүкіл ел алғыс білдіреді.
Осы мерейлі күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, әр күніңізге шаттық тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, әр күніңіз қауіпсіз әрі табысты болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин.