Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем знаний

Құрметті білім беру саласының қызметкерлері, қадірменді ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және жеке өз атымнан 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – болашаққа бастайтын жарқын жолдың бастауы, ізденіске, танымға, жаңаруға бастайтын маңызды белес. Бұл – ұстаз бен шәкірт арасындағы киелі байланыстың жаңғырып, білім мен тәрбиенің сара жолына тағы бір қадам жасалатын айтулы күн.
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік, еңбекқорлық қасиеттерді дарытатын тәлімгер.Қиындығы мен жауапкершілігі мол осы мамандықты абыроймен атқарып келе жатқан барша ұстаздарға ерекше алғыс білдіремін.
Оқушылар мен студенттерге айтарым – жаңа оқу жылында мақсаттарыңыз айқын, қадамдарыңыз нық болсын! Білімге деген талпыныстарыңыз артып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспін.
Құрметті ата-аналар мен әріптестер! Бұл кезең – бала үшін ғана емес, әрбір ата-ана үшін де үлкен жауапкершілікті, үміт пен толқуды бірге ала келетін маңызды сәт.
Жаңа оқу жылы еліміз үшін табысты, білім саласы үшін нәтижелі, ал әр шәкірт үшін жарқын болашаққа апарар сәтті қадам болсын!
Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин