Құрметті отандастар, ардақты еңбек майталмандары!
Сіздерді шын жүректен Еңбек күнімен – Еңбек мерекесімен құттықтаймын!
Бұл – маңдай терін ел игілігіне арнаған еңбек адамын ұлықтайтын, қоғамның қозғаушы күші саналатын қарапайым жұмысшылар мен кәсіби мамандарға деген құрметтің көрінісі.
Еңбек – адам өмірінің мәні мен мағынасы, қоғам дамуының негізі, елдің ең басты байлығы. Бүгінде де еліміздің өркендеу жолындағы әрбір жетістіктің артында – мыңдаған еңбек адамының маңдай тері мен қажырлы қызметі жатыр.
Еңбек – тек күнкөріс көзі емес, ол – өмір салты, ар-намыстың өлшемі, азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Қолымен жасаған, жүрегімен атқарған әрбір істің қоғамға тигізер пайдасы орасан. Міне, дәл осы ізгілікті ұстаным Еңбек күнінің мәнін арттырып, мерейін үстем етеді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы әрқашан Еңбек адамының мүддесін қорғап, лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру, қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету, әділетті жалақы мен әлеуметтік әділдікті орнату жолында табанды еңбек етіп келеді.
Біз үшін Еңбек адамы – қоғамның алтын діңгегі, басты құндылығы.
Осы айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбек жолында толайым табыс тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін, еліміздің игілігіне үлес қосатын қызметтеріңіз арта берсін! Ұрпағы еңбекпен өнген елдің келешегі кемел болары анық.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин