Құрметті әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – қоғамдағы ең ізгі де жауапты саланың өкілдері – әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлеріне деген зор құрмет пен алғыс күні. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – адам өміріндегі ең қиын сәттерде қолдау көрсетіп, көмек қолын созуға бағытталған мейірім мен адамгершіліктің айғағы.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етудің тірегі, қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің кепілі. Сіздер ерекше қамқорлықты қажет ететін жандардың жанынан табылып, олардың өміріне үміт ұялатып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыздар. Қарттарға – мейірім, көпбалалы аналарға – қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға – сенім сыйлайсыздар.
Қазіргі таңда мемлекет әлеуметтік саясатты жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында маңызды қадамдар жасап келеді. Бұл істе Сіздердің атқарып отырған жұмыстарыңыздың орны ерекше. Сіздер өз еңбектеріңізбен қоғамның адамгершілік деңгейін көтеріп, әлеуметтік әділдіктің салтанат құруына үлес қосып келесіздер.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілеймін.
Сіздердің әр күніңіз мейірім мен алғысқа толы болсын!
Еңбектеріңіздің нәтижесі – халықтың ризашылығымен өлшенсін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин
