Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днем национальной валюты Республики Казахстан

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемендігімізді нығайтып, тәуелсіздігімізді бекемдеуде төл теңгеміздің айналымға енуі еліміздің тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Бұл – Қазақстанның дамудың дара жолына түскенінің, ұлттық тәуелсіздіктің айғағы.
30 жылдық кезеңде төл теңгеміз еліміздің қаржылық жүйесін нығайтып, нарықтық қатынастардың дамуына серпін берді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – ел экономикасын дамытудың, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын сақтаудың негізгі тірегі.
Әрбір Еңбек адамының адал еңбегі, кәсібилігі және жауапкершілігі – біздің ұлттық байлығымыздың кепілі. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың өмірі жақсарып, еліміз сенімді әрі тұрақты мемлекет ретінде танылуда.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте тұрақтылыққа және биік белестерге жетулеріңізге тілектеспін.
Ұлттық валютамыз – теңге еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің, халқымыздың еңбекқорлығы мен адалдығының белгісі болып қала берсін!
Біз бірлігімізді сақтап, ынтымағымызды нығайта отырып, Қазақстанның өркендеуі үшін бірге еңбек етейік!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С. Дәулеталин