Семейде конституциялық реформа бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

Бүгін Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University-де Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Тыңдау барысында Абай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қуаныш Сүлейменов өз пікірін білдіріп, адам құқықтарының, еңбектің және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың басымдылығын атап өтті.

Ол Негізгі заңның жаңа жобасы әділетті еңбекақыны, қауіпсіз еңбек жағдайларын және әлеуметтік диалогты қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейтетінін жеткізді. Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы жариялаған кәсіподақтардың ұстанымы мынадай: болашақ Конституция еңбек адамына және әлеуметтік әділеттілікке қызмет етуі тиіс.

Мұндай ашық талқылаулар қоғамның сенімін нығайтып, азаматтардың Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға қатысуын арттырады деп есептейді іс-шараға қатысушылар.