Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Международным женским днем

Құрметті әріптестер, аяулы нәзік жандар!
Сіздерді табиғат ана қайта түлеп, көңілге көктем шуағы ұялаған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мереке – жер бетіне жақсылық пен нәзіктік сыйлайтын, адамзат баласының ардақтысы мен асылына айналған әйел затына көрсетілетін шексіз құрметтің нышаны.
Әйел – өмірдің бастауы, шуақты күннің сәулесі, әрбір шаңырақтың алтын діңгегі.
Бүгінгі таңда 2 милионнан астам адамды біріктіріп отырған Кәсіподақтар федерациясында түрлі салаларда қыз-келіншектер, аяулы аналар еңбек етеді. Аяулы да ардақты әріптестеріміздің еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының өркендеуіне қосып жүрген зор үлестерін айрықша атап өткім келеді.
Еліміздің дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін, әрбір бастама мен игі істеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіремін!
Сіздер барда өмір мәнді, болашақ жарқын, қоғамымыз бақыт пен ынтымаққа бөленеді.
Көктемнің әрбір күні Сіздерге қуаныш пен шаттық сыйласын! Отбасыларыңызда береке орнап, жүректеріңіз сүйіспеншілік пен жылылыққа толсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы С. Дәулеталин