Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Баршаңызды мерейлі мейрам – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қыстың аязды күндері өтіп, жаңарудың белгісі іспеттес бүгінгі күн – Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы. Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күтеді.
Бүгінгі таңда бұл мейрам өзінің құндылығын жоғалтпай, елдік пен ынтымақтың белгісіне айналып отыр. Ол – ұлтымыздың бауырмалдық салтының ең жарқын көрінісі.
Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қатаң сақтаған текті жұрт. Біздің басты байлығымыз – қарапайымдылық, кішіпейілділік және еңбекке деген адалдық. Бүгінгі мереке осы асыл қасиеттерімізді тағы бір мәрте дәлелдейді. Бір-бірімізге деген шынайы құрмет пен жылы лебіздеріміз ұжымдық бірлігімізді бекемдеп, ортақ ісімізге береке сыйлайды.
Осындай атаулы күнде баршаңызға зор денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тілеймін. Елдігіміз ажырамай, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин
