Спортпен өрілген өнегелі өмір

Қазіргі қоғамда денсаулық сақтау мәселелері басты назарда себебі, қалалық өмірдің қарқынды ырғағы адамдардың физикалық белсенділігін төмендетіп, денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Осы орайда, спорттың денсаулыққа пайдасы мен оның маңызды рөлін аттыру үшін Абай облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушы Муздыбаев Руслан Турсынканович 15 жылдан астам жасөспірімдердің жалпы денсаулығын нығайтып, өмір сүру сапасын жақсарту жолында қызмет атқарып келеді.


Муздыбаев Руслан өзінің еңбек жолын 1996 жылы «Семей локомотив депосы» машинистің көмекшісі болып, 2001- 2004 жылдар аралығында кикбоксинг федерациясында жаттықтырушы болып, 2006- 2008 жылдар аралығында «Интелкабель» ЖШС қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеп, 2008 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі” КММ-ның жаттықтырушы-оқытушы лауазымында жұмыс атқарып келеді.
Ол спорт – тек дене жаттығулары ғана емес, ол адам өмірін тәртіпке келтіретін, ерік-жігерді күшейтетін, жауапкершілік сезімін арттыратын өмір салты екенін өзі тәрбиелеп отырған балалар мен жасөспірімдерге насихаттау арқылы үлкен жетістіктерге жетуге жетелеп отыр.
Муздыбаев Руслан мекемеде жұмыс істеген кезеңде өзін білімді маман ретінде көрсетіп, лауазымдық міндеттерін сапалы, кәсіби шеберлікпен және жауапкершілікпен атқарып, жастар арасында үлгі тұтар тұлға екенін дәлелдеді. Кез келген қоғамдық тапсырмаларды жауапты орындап, белсенді кәсіподақ мүшесі ретінде өзін көрсете білді. Сонымен қоса, әріптестеріне әрқашан сыпайы, ілтипатты, жауапты, еңбекқор, сондықтан ұжымында үлкен құрметке ие.