Бұл іс-шаралардың басты мақсаты — жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға ықпал ету. Биылғы атаулы күнге арналған шаралар «Қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы — жұмысшылардың өркендеуіне және мықты ұйымға бастайтын жол» ұранымен өткізілді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тексеру жүргізілді. Мектептерде, балабақшаларда және өзге де білім ордаларындағы рейдтер барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы, жұмыс орындарының жай-күйі, жеке қорғаныс құралдарының қолжетімділігі мен пайдаланылуы, сондай-ақ еңбекті қорғауға қатысты қажетті құжаттаманың жүргізілуі бақылауға алынды. Өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға ерекше назар аударылды. Рейд қорытындысы бойынша анықталған олқылықтарды жою және еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмысты ұйымдастыру деңгейін жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күніне арналған барлық іс-шаралар іскерлік жағдайда өтіп, корпоративтік мәдениетті нығайтуға, кәсіподақ қозғалысының мәртебесін арттыруға және әлеуметтік серіктестікті дамытуға септігін тигізді.
