«30 Еңбек Елшісі» кәсіподақ жобасы

«30 Еңбек Елшісі» кәсіподақ жобасына қатысуға рұқсат беру және өтінімдерді іріктеу бойынша ереже

  1. Жобаға қатысуға рұқсат беру.
    1. 1. Жобаға қатысу критерийлері:
      • 18 жастан кіші емес, 35 жастан үлкен емес кәсіподақ мүшесі болу;
      • еңбек етуші өз саласында немесе кәсіподақ қызметінде нақты жетістіктердің болуы;
      • елімізде кәсіподақ қозғалысын дамыту бойынша ұсыныстардың болуы;
      • Қазақстанда тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы.

                1.2 Қатысу үшін төменде көрсетілген өтінім формасын толтыру қажет

                1.3 Қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Құқық бұзушылықтар немесе өзге де бұрмалаушылықтар анықталған жағдайда ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өзіне қалдырады.

                1.4 Өтінімдер 2021 жылғы 10 ақпан сағат 00.01-ден 2021 жылғы 26 ақпан сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

  1. Өтінімдерді іріктеу және қатысушыларды жобаға жіберу.

               2.1 Жобаға қатысу үшін келіп түскен барлық өтінімдер көрнекті қоғам және кәсіподақ қайраткерлерінен тұратын жобаның кандидаттарын іріктеу жөніндегі сараптама комиссиясына ұсынылатын болады;

               2.2 Жобаның жеңімпаздары 30 қатысушы болады, оларды жобаның кандидаттарын іріктеу жөніндегі сараптама комиссиясы іріктейді.

              2.4 Қажет болған жағдайда қатысушылар ұйымдастырушыларға қосымша ақпарат беруге дайын болуы тиіс.