12 шілдеде Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік-экономикалық мәселелері және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитет төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің Ф.Эберт атындағы қордың Қазақстан бойынша аймақтық директоры Генриетта Кифермен кездесуі өтті. Осы кездесуге Қордың Астанадағы өкілдігінің басшысы З.Шутова, ҚРКФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық әріптестік департаментінің өкілдері Ж.Үсіпбекова пен А.Исенов қатысты.
Кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Ф.Эберт атындағы қор арасындағы өзара әріптестікке қатысты әрі қарай жоспарлар талқыланды.
Кәсіподақтар федерациясының өкілдері Ф.Эберт атындағы қор өкілдеріне еңбек саласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік диалогты дамыту, еңбек заңнамасы мен әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіру бойынша ҚРКФ жүргізетін жүйелі жұмыстар, кәсіподақтардың осы бағыттардағы рөлі туралы ақпарат берді. Соттан тыс медиацияны дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстарға ерекше атап өтілді.
Қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясы ҚР Жоғарғы сотымен қол қойған меморандум аясында өзінің аумақтық бірлестіктері базасында татуластыру орталықтарын құруда. Осы орталықтарда сотқа дейінгі медиация тәртібі бойынша түрлі сипаттағы дауларды шешу жұмыстары жүзеге асырылады. Осы ретте ең күрделі және әлеуметтік-маңызды болып табылатын құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын мәселелерді шешу басты бағыт саналады.
Тараптар біріккен жобаларды талқылады және өзара байланыс жасаудың тиімді алгоритмін әзірлеу туралы келісті. Сондай-ақ, кәсіподақ қызметкерлерін оқыту және біліктілігі мен әл-ауқатын арттыру саласында әрі қарай әріптестікке бейім екендіктерін көрсетті.