Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников атомной отрасли

Құрметті атом саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның атом саласы экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды және табысты салаларының бірі болып саналады. Бұл, ең алдымен, Сіздердің еңбектеріңіз – көрнекті ғалымдар, конструкторлар, инженерлер, жоғары білікті жұмысшылар. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз еліміздің атом саласын дамыту мен нығайту ісіне одан әрі қызмет ететініне сенімдімін.
Бүгінгі таңда атом өнеркәсібі мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Еліміздің дамуы мен іргелі және қолданбалы ғылымның, жоғары технологиялық медицинаның дамуында атом саласының маңызы зор.
Сіздер мамандыққа адалдық танытып, ерекше жауапкершіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз арқылы еліміздің атом саласының өсіп-өркендеуіне, сонымен қоса еліміздің осы салада әлемдік деңгейге жетуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Отанымыздың игілігі үшін атқарып жүрген ерен еңбектеріңізде толайым табыстарға жетіп, абырой-беделдеріңіз арта берсін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин