Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днём профсоюзов Республики Казахстан

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кәсіби жұмысын белсенді қоғамдық кәсіподақ қызметімен ұштастыра отырып, жемісті еңбек етіп жүрген әріптестерімізге алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында кәсіподақтар елеулі жетістіктерге жетіп жатыр.
Сіздердің ел байлығын еселеуде атқарып отырған еңбектеріңіз, еліміздің дамуына қосып отырған үлестеріңіз –жас ұрпаққа үлгі.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге бүгінгі мерекеде өмірлеріңіз шуақты, денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болуын тілеймін!
Бірлік, ынтымақтастық, әділеттілік қағидаттарына негізделген кәсіподақтардың даңқты дәстүрлері нығайып, көбейіп, ортақ ісіміз Еңбекші халықтың игілігі үшін биік жетістіктерге жете берсін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С. Дәулеталин