ПОЗДРАВЛЕНИЕ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ФЕДЕРАЦИИ ПРОФСОЮЗОВ РК С ДНЕМ СПАСАТЕЛЕЙ

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Өйткені, осындай жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, ерлік пен батылдық танытып келесіздер.
Күнделікті тынбай еңбек ететіндеріңіз үшін, өз жандарыңызды аямастан өзгенің өмірін құтқаратындарыңыз үшін, адамдық, азаматтық болмыстарыңыз бен кең жүректеріңіз үшін барша ел сіздерге алғысты. Тағдырын халыққа, мемлекетке қызмет етумен байланыстырған кез келген адамның ең жоғарғы марапаты-бұл адамдардың алғыс сөздері мен жылы қошеметі.
Бұл күнде қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығына шыдап, өз өмірін қатерге тігіп қызмет жасап жүрген құтқарушыларға ерекше сый-құрмет көрсетіледі.Сіздерді бүгінгі мерекемен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан құттықтай отырып, еліміздің игілігіне бағытталған қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін. Дендеріңіз сау болып, шаңырақтарыңыз ырыс-байлыққа толсын.
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин