Бүгін Астанада Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы ғимаратында алғаш рет республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің отырысы өтті: ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның Еңбек конфедерациясы, кәсіподақ көшбасшылары Л.Н.Харькова, С.Л.Белкиннің шақырылуымен «Аманат Қазақстан кәсіподақтар достастығы», сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысты.
Халықаралық еңбек ұйымының Еңбеккерлердің істері жөніндегі Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған Өңірлік бюро басшысы Сергиус Гловацкастың қатысуымен өткен кездесу «Кәсіптік одақтар туралы» Заңға өзгерістер мен қосымшалар енгізу мәселесіне арналды.
Ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу Халықаралық Еңбек ұйымының №87 «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау жөнiндегi» конвенциясына сәйкес келу үшін қажет.
ҚРКФ Төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетовтың пікірі бойынша, бүгінгі кездесу Қазақстанның барлық кәсіподақтар бірлестіктерінің бірыңғай бағдарын әзірлеуге қатысты ерекше мүмкіндік тудырады.
Жалпы кездесуге қатысушылар осы Заңға өзгерістер мен қосымшалар енгізу қажеттігі бойынша бірыңғай бағдарды қолдайтындарын көрсетті.
«Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу бойынша республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің біріккен жұмысы халықаралық нормаларға сәйкес біріккен жұмыс тобы аясында жалғасады деген шешім қабылданды.