Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Адамзаттың ұрпақтан ұрпаққа қалдырар ұлы мұрасы – мәдениеті мен өнері. Қай уақытта да мәдениеттің қоғамдағы біріктіруші рөлі өте зор. Әрбір ұлттың дәуірлер бойы сақталған рухани байлығы мәдениетімен өлшенеді. Мәдени мұра – ұлт бірегейлігінің белгісі.
Бүгінгі күн еліміздің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі.
Қадірлі мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Сіздер еліміз үшін маңызы зор осы көшті бастап келесіздер.
Сіздерді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ел игілігіне бағытталған жұмыстарыңызда толағай табыс тілеймін!
Дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болып, шаңырақтарыңыз құт-берекеге толсын!
Ізгі ниетпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
С.Дәулеталин