Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан сіздерді бүгінгі Астана күнімен құттықтаймын!
Елорда бейбітшілік пен келісім астанасы мәртебесіне ие. Оның бейбітшілік рухында Шығыс пен Батыстың көп ғасырлық дәстүрлері тоғысқан, Қазақстан халқының мәдениетінің байлығы мен әдет-ғұрыптары біріктірілген.
Бүгінде қала мен даланы үлестірген сырт көркі жаңа дәуір талабына сай сән-сәулетімен талайларды тамсандырған жас Астананың халықаралық беделі асқақтай түсті. Қаламыздың қарыштап дамуы өңірлердің экономикасын да өркендетті.
Сарыарқа төсінен бой көтерген әсем қала кең байтақ қазақ даласының жүрегі іспеттес. Елордамыз бен еліміздің бүгінгі деңгейінде ынтымағы мен бірлігі жарасқан халқымыздың адал еңбегі жатыр.
Осындай мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, толағай табыс, қызметтеріңізге зор жетістік тілеймін!
Астана күні құтты болсын!
Ұлы даламыздың көк байрағы желбірей берсін.
Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин