Құрметті металлургтер және қадірлі ардагерлер!
ҚР Кәсіподақтар федерациясы және өз атымнан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Аталмыш мереке біздің елде 2003 жылдан бастап күнтізбеге еніп, аталынып өтуде.
Бүгінгі күн осы күрделі саланың мерейін көтеріп жүрген еңбек адамына деген айрықша құрметтің белгісі. Өйткені, осындай жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс.
Еліміздегі әрбір адам, мейлі ол қала тұрғыны болсын, мейлі шағын ауыл болсын, металлургия қызметкерлерінің еңбегінің жемісін көруде. Сіздердің игі істеріңіз, мол тәжірибелеріңіз металлургиялық өнеркәсіптің алға жылжуына септігін тигізуде.
Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін!
Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин