Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), және мемлекеттік органдардың арасындағы еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу сұрақтары бойынша мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдарының қатысуымен тараптардың өзара әрекеттестігі формасында қамтамасыз етіледі:

республикалық деңгейде –Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиямен;

салалық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялармен.

аумақтық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссиялармен.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестермен негізге алынатын құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмысшылардың республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім болып табылады.

 


Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы
2021-2023 жылдарға арналған

БАС КЕЛІСІМ