Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днем строителя

Құрметтi құрылыс саласының қызметкерлерi және ардагерлері!
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күн саналы ғұмырын құрылыс саласымен байланыстырған Еңбек адамына құрмет пен олардың жолын жалғап келе жатқан буынға дәстүр сабақтастығын жалғастыратын мереке.
Құрылыс саласы экономикамыздың қозғаушы салаларының бірі. Еліміздің көркеюіне атсалысып, ауыл мен қала ғимараттарында алақандарыңыздың ізі, айрықша қолтаңбаларыңыз бар. Жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан құрылысшылар әрқашан құрметке ие.
Халықты сапалы баспана, жұмыс орнымен қамтамасыз еткендеріңіз үшін, адамдық, азаматтық болмыстарыңыз бен кең жүректеріңіз үшін барша ел сіздерге алғысты. Бүгінгідей әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей, күн-түн демей атқарған игі істерінің жемісі.
Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин