Бүгін Токиода Жапонияның Халықаралық Еңбек Қорының (JILAF) ұйымдастыруымен дүние жүзі бойынша кәсіподақ жетекшілеріне арналған бағдарлама ашылды. Жапонияның Халықаралық Еңбек Қоры (JILAF) 1989 жылы мамыр айында RENGO (Жапония Кәсіподақтар конфедерациясы) тарапынан еңбек саласындағы халықаралық өзара тәжірибе алмасу және әріптестікке жәрдемдесетін ұйым ретінде құрылды.
JILAF Президенті Хироюки Нагумо, JILAF компаниясының Бас директоры Такао Яссунга, атқарушы директоры Мисисуки Шиота және басқалар қатысушыларға арнап сөз сөйледі.
Бағдарламаның басты мақсаты Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінің кәсіподақ көшбасшыларын Жапониядағы қазіргі жұмыс жағдайымен жане еңбек қатынастарымен таныстыру, табысты өзара байланысты орнату, Жапонияда алынған тәжірбиені өз елдерінде қолдану, осылайша өз елдеріндегі кәсіподақ козғалысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесу болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар JILAF ұйымдастыруымен жапон экономикасы мен жапон қоғамы туралы дәрістерге, сондай-ақ, Жапониядағы жұмысшылар қозғалысы мен өнеркәсіптік қатынастар туралы лекциялар мен басқа да іс-шараларға қатысады.
Сонымен қатар, қатысушылар жұмыс орындарында жапондық кәсіподақ көшбасшыларымен өзара қарым-қатынас жасау арқылы білімдерін тереңдетеді. Жапония электроэнергетикасы қызметкерлері кәсіподағымен, Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің өкілдерімен өзара тиімді кездесулер, Саяси орталыққа (Кәсіби оқыту орталығы), Мие префектурасына және Әлеуметтік қамсыздандыру кеңесіне бару күтілуде.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан «JILAF» бағдарламасының жұмысына ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым, ҚРКФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық әріптестік департаментінің директоры Ержан Егембердиев, Алматы облыстық АКБ төрағасы Әсет Қыдырманов және Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының жергілікті филиалы төрағасының орынбасары Елена Крупко қатысуда. Қазақстаннан басқа ТМД елдерінен Өзбекстан мен Украинаның кәсіподақ көшбасшылары бағдарлама жұмысына атсалысуда.