Құрметті кеншілер , көмір өндіру саласының еңбеккерлері!
Сіздерді ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн – өз кәсібіне адал, қиындықтан қаймықпайтын, өндірісте шыңдалған ұстамды жандарға құрмет көрсетілетін айрықша мереке.
Кенші мамандығы отандық өнеркәсіптегі ең күрделі әрі батылдықты қажет ететін салалардың бірі.
Саланың жетістігі – мыңдаған кеншілердің, көмір өндіруші кәсіпорындардың ынтымағы мен мықты ұжымның жауапты, қажырлы еңбегінің жемісі.
Еліміздің тау-кен өнеркәсібінің бастауында тұрған және алдыңғы буынның ізін жалғап келе жатқан Сіздерге мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз бен өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын.
Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, өмірлеріңізге береке, әр күндеріңізге қуаныш пен мереке тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин