Құрметті әріптестер!
Қадірлі кәсіподақ ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясы екі миллионға жуық кәсіподақ мүшесін біріктіретін еліміздегі ең қуатты қоғамдық ұйым әрі азаматтық қоғамның қозғаушы күші.
Сіздердің әрқайсыларыңыз барлық күш – жігерлеріңізді, ұйымдастырушылық қабілеттеріңізді Еңбек адамына қоғамда айрықша құрмет көрсетілуі мен құқығының қорғалуына жұмсап жүрсіздер. Сол жолда әділеттіліктен айнымай, соңдарыңыздан ерген жас буынға үлгі-өнеге көрсетіп келесіздер.
Бүгінгі мерекеде Кәсіподақтар федерациясы атынан отбастарыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін!
Басты қағидаттарымыз бірлік пен ынтымақтастыққа негізделген дәстүріміз беки түссін!
Сіздер Еңбек адамы ретінде қай салада болсын ел игілігіне қызмет етіп келесіздер. Қоғамдағы барлық игілік адамның қажыр-қайратымен жүзеге асырылады.
Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С. Дәулеталин