Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников сельского хозяйства

Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен қадірлі еңбек ардагерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикалық дамуының негізі, халықтың әл-ауқатының басты тірегі. Ел экономикасының ең  маңызды саласының бірі ретінде халқымыздың өмір сапасының жақсаруына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде  ауыл шаруашылығының алар орны айрықша.

Қазақстан аграрлық секторы соңғы жылдары жаңа белестерге көтерілді. Сіздердің еткен еңбектеріңіздің арқасында егіс алқаптары кеңейіп, мал шаруашылығы дамып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы артты, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер шығарыла бастады.

Әрқайсыларыңыз барлық күш – жігерлеріңізді,ұйымдастырушылық қабілеттеріңізді Еңбек адамына қоғамда айрықша құрмет көрсетілуі мен құқығының қорғалуына жұмсап жүрсіздер. Осындай мерейлі күні адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері! ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық тілеймін!

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

Сатыбалды Дәулеталин