Поздравление Председателя ФПРК с Днем энергетика

                                                                           Құрметті энергетика саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның энергетика саласының барлық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн – өз кәсібіне адал, қиындықтан қаймықпайтын, энергетика саласында шыңдалған ұстамды жандарға құрмет көрсетілетін айрықша мереке.
Энергетика экономикамыздың жетекші саласы ретінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, алда тұрған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Сала жетістіктерінің барлығы, ең алдымен, Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі екенін айта кеткен жөн.
Ұзақ жылғы еңбектері саланың қалыптасуы мен дамуына берік іргетас болған ардагерлерімізге, ортақ іске үлес қосудың маңызын түсініп, алға қойған міндеттерді өндірістік жобаларға айналдырып жүрген барша сала еңбеккерлеріне зор алғысымды білдіремін.
Бүгінгі мерейлі мереке күні өмірімізге қажетті мамандықтың иелері Сіздерге еңбектеріңізге жеміс, толағай табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт–береке тілеймі
Күш-қуаттарыңыз сарқылмасын, әрбір күндеріңіз жарқын әрі өнімді болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
С. Дәулеталин