Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – өз тарихымызға, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарына деген зор құрметтің белгісі.
Бұл күн – біздің қоғамымыздағы әрбір адамның еңбегін бағалау, бір-бірімізге құрмет көрсету және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды сәт. Біз сіздердің қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және әрқашан қолдауға дайынбыз.
Барша еңбеккерлерімізге қажырлы еңбектері мен табандылықтары үшін алғыс айтамыз!
Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз арқылы еліміз дамып, гүлденуде.
Алғысымыз шексіз! Тек бірлік барда үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз. Сіздерге бақыт, денсаулық, еңбек жолында жаңа жетістіктер тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин