Курметті әріптестер, қымбатты достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің және рухымыздың ең биік нышандары. Олар халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық тарихы мен мәдениетін, рухани байлығын айқын бейнелейді.
Мерекенің мәні – отансүйгіштік парызымызды жаңғырту, ұлт бірлігін бекемдеп, елдің дамуы жолындағы еңбекті ынталандыру. Мемлекеттік рәміздеріміздің абыройын арттыру – әрбір азаматтың жауапкершілігі әрі парызы бола бермек.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, отбасыларыңызға амандық, еңбек жолдарыңызда табыс тілеймін.
Бірге біз – үлкен күшпіз, өзара түсіністік пен ынтымақтастық арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барша күш-жігерімізді жұмсайық. Әрқайсымыздың адал еңбегіміз – мемлекетіміздің нығаюы мен халқымыздың әл-ауқатының кепілі.
Еліміз бейбіт, гүлденген мемлекет болып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болып қала берсін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин