Құрметті қазыналы қариялар!
Ардақты еңбек ардагерлері!
Сіздерді шын жүректен Қарттар күні мерекесімен құттықтаймын!
Бұл күн – өмірдің мол тәжірибесі мен мейірімді жүректі бірге алып жүрген, қоғамымыздың ең асыл қазынасы болған сіздерге арналған ерекше мереке.
Сіздердің саналы ғұмырларыңыз — бұл еліміздің тарихы, қоғамымыздың алтын қазығы, ұрпақтар сабақтастығының айнасы. Сіздер ғасырлар тоғысында тер төккен, өз еңбектеріңізбен Отанының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаларсыздар.
Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
Қазіргі таңда да сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен мейірімді қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды. Әр саланың өркендеуі мен жаңаруы сіздердің мол тәжірибелеріңізге сүйенеді.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұяларыңызға жылылық пен шаттық тілеймін! Әрбір жаңа күндеріңіз қуаныш пен жылы лебізге толы болсын.
Ізгі ниетпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С.Дәулеталин