Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем Республики

Құрметті әріптестер!
ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!
Биыл еліміз үшін ерекше жыл: біз Тәуелсіздік декларациясының 35 жылдық мерейтойын атап өтеміз.
Бұл – халқымыздың ерлігі мен табандылығының, болашағымызға деген сенімінің жемісі.
Республика күні – еліміздің бірлігін, тұрақтылығын, азаматтарымыздың ортақ күшін бейнелейтін мереке.
Бұл күні біз өткенімізді еске алып, тарихымыздың маңызды беттеріне көз жүгіртіп, бүгінгі жетістіктерімізге ризашылықпен қараймыз.
Сіздер Еңбек адамы ретінде қай салада болсын ел игілігіне қызмет етіп келесіздер. Қоғамдағы барлық игілік адамның қажыр-қайратымен жүзеге асырылады.
Еркіндік пен азаттықтың бастауы болған осынау салтанатты күні Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге бақытты да бейбіт өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер, ырыс пен береке тілеймін.
Ұлы даламыздың көк байрағы биік желбіреп, еліміздің бірлігі мен татулығы әрқашан сақталсын.
Республика күні мен Тәуелсіздік декларациясының 35 жылдық мерейтойы – халқымыздың ортақ мақтанышы, еліміздің күш-қуаты мен болашағына сенімнің белгісі болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин