Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников сферы бухгалтерского учета и аудита

Құрметті есепшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Есепшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Есеп – тәртіп пен тиянақтың, әділдік пен сенімділіктің белгісі.
Есепші – сол ұғымдардың бәрін бойына сіңірген, әр сандар мен көрсеткіштердің артында елдің еңсесі, еңбектің нәтижесі жатқанын жақсы түсінетін жан.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз әрбір ұйымның тірлігін үйлестіріп, оның тұрақтылығы мен сенімінің кепілі болып келеді. Есепшінің ісі көпке көрінбесе де, елдің игілігі мен әрбір қызметкердің әл-ауқатына тікелей ықпал етеді. Сіздер әр тиынды тиімді жұмсап, әр көрсеткішті әділ есептеп, ұжымның тынысын тең ұстауға зор үлес қосып жүрсіздер.
Кәсіподақтар қозғалысы үшін есепшілердің орны айрықша. Әр ұйымның ашықтығы, Еңбек адамының құқықтарын қорғау ісінің жүйелілігі – кәсіби есепшілердің ұқыпты еңбегінің арқасы. Сіздер –тұрақтылықтың тірегі, әділдіктің айнасысыздар.
Сала ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Олар – өз ісінің шебері, тәжірибесі мол мамандар, кәсіби дәстүрді сақтап, жастарға үлгі болып келе жатқан тұлғалар. Сіздердің іздеріңізді жалғап, кәсібилікті әрі әділдікті насихаттай отырып, әр ұйым мен қызметтің сапалы дамуына үлес қосудамыз.
Мерейлі мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, өмірлеріңізге шаттық пен береке тілеймін.
Есептеріңіз әрдайым тең, еңбектеріңіздің жемісі мол, абыройларыңыз асқақ болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С.Дәулеталин