Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников сельского хозяйства

Құрметті ауыл шаруашылығының қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Еліміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқаты сіздердің қажырлы еңбектеріңізге тікелей байланысты. Ауыл шаруашылығы – біздің ежелден сақталған дәстүріміз, халқымыздың нанынан, егінінен, малынан басталатын берекелі тіршілік.
Сіздердің адал еңбектеріңіз арқасында қазақстандықтар сапалы өнімге, жемісті егінге, таза және қауіпсіз тағамға қол жеткізеді. Тамақ және өңдеу өнеркәсібіндегі әрбір өндіріс – ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды буын.
Бұл салада қызмет еткен ардагерлеріміздің еңбегі де ерекше құрметке лайық. Олардың мол тәжірибесі бүгінгі мамандар үшін бағалы үлгі. Біз әрқашан олардың еңбегін құрметтеп, алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалай отырып, Еңбек адамының құқығын қорғау мен әлеуметтік әділеттілікті нығайту жолында әрдайым Сіздермен бірге. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту – біздің ортақ мақсатымыз.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, кәсіби табыс пен отбасыларыңызға шаттық пен береке тілеймін!
Еңбектеріңіз берекелі, әр күндеріңіз қуанышты, егістерігіңіз мол, өнімдеріңіз сапалы болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин