Құрметті энергетиктер және сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Энергетика – бұл мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінің тірегі, халық өмірінің ажырамас бөлігі. Сіздердің адал еңбектеріңіз арқылы әр шаңыраққа жылу мен жарық келеді, әр қаланың, әр ауылдың тыныштығы мен бейбіт өмірі қамтамасыз етіледі.
Күнделікті қарапайым көрінетін, бірақ аса жауапкершілікті жұмыс – қоғамның өмір сүруінің тірегі екенін біз жақсы білеміз. Сіздердің әрқайсыңыз – өз ісінің шеберлері, қиындыққа төзімді, табанды мамансыздар.
Бүгінгі таңда энергетика саласы тек қана техникалық қана емес, әлеуметтік жауапкершілік пен стратегиялық маңызды миссияны қатар алып жүретін салаға айналды. Жаңа технологиялар, заманауи энергия көздері мен цифрлық жүйелерді меңгеру – сіздердің кәсіби шеберліктеріңізді талап етеді. Бұл саладағы әр жетістік – еліміздің болашағының мықты негізі, халық игілігі үшін жасалған игі іс.
Құрметті энергетиктер және сала ардагерлері, сіздердің еңбектеріңіз қоғамның сеніміне, елдің дамуына қызмет етеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке, шығармашылық табыс тілеймін.
Кәсіби өміріңізде жаңа белестерді бағындырып, әрқашан жаңа мүмкіндіктерге ашық болыңыздар.
Еңбектеріңіз әрдайым әділ бағаланып, әр қадамдарыңыз қоғам игілігіне қызмет етсін.
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С.Дәулеталин
