Поздравление Председателя Федерации профсозюов РК с началом месяца Рамазан

Құрметті әріптестер, ардақты ағайын!
Баршаңызды күллі адамзаттың рухани нәріне айналған, он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – жанымызды жақсылыққа, көңілімізді шуаққа бөлейтін, сабыр мен қанағаттың мектебі іспеттес мүбәрак кезең. Рамазан – тек тәннің емес, жанның да тазарып, мейірім мен қайырымдылықтың салтанат құратын шағы.
Ораза – мұсылман қауымын имандылыққа шақыратын, ағайынның бауырмалдылығын күшейте түсетін мереке. Қасиетті ай берекелі істерге, таусылмас ырыс-дәулетке, қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігін одан әрі нығайта түсуге бастасын.
Ұстаған оразаларыңыз, атқарған игі амалдарыңыз бен жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әрбір отбасына бақ-береке, зор денсаулық және амандық тілеймін.
Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болғай!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин