Құрметті әріптестер, ардақты ағайын!
Баршаңызды ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – сабыр мен қанағаттың, мейірім мен кешірімнің салтанат құратын сәті. Бір ай бойы рухани тазарып, ізгілікке ұмтылған ақ ниетті жамағаттың тілеуі қабыл болатын берекелі мейрам. Бұл күн – ағайынның көңілін тауып, ренжіскенді табыстыратын, бауырмалдық пен сыйластықтың дәнін егетін қасиетті күн.
Ақ ниетпен ұстаған оразаларыңыз, жүректен шыққан дұға-тілектеріңіз бен жасаған әрбір сауапты амалдарыңыз қабыл болсын. Бұл мереке әрбір шаңыраққа ырыс пен құт әкеліп, көңілдеріңізді нұрға бөлейді.
Осынау берекелі сәтте сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға таусылмас бақыт тілеймін. Әрбір бастаған істеріңіз оң болып, жақсылыққа ұлассын.
Айт қабыл болсын, ағайын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин
